Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері туралы

Бұл бөлімде Басқару серверін жылдам іске қосу шеберінің жұмысы туралы ақпарат берілген.

Басқару серверін жылдам іске қосу шебері қажетті тапсырмалар мен саясаттардың минималды жиынтығын жасауға, минималды параметрлерді конфигурациялауға, "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары үшін плагиндерді жүктеуге және орнатуға, және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары үшін орнату пакеттерін жасауға мүмкіндік береді. Шебердің жұмысы барысында, сіз бағдарламаға келесі өзгерістерді енгізе аласыз:

Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері, егер мұндай саясаттар бұрын Басқарылатын құрылғылар тобы үшін жасалмаған болса, Kaspersky Endpoint Security for Windows сияқты басқарылатын бағдарламалар үшін саясаттарды жасайды. Басқарылатын құрылғылар тобында бірдей аттары бар тапсырмалар болмаса, Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері тапсырмалар жасайды.

Басқару консолінде Kaspersky Security Center бағдарламасы бағдарламаны бірінші рет іске қосқаннан кейін, бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қосуды ұсынады. Сондай-ақ, бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін кез келген уақытта қолмен іске қоса аласыз.

Басына оралу